ҚАШЫҚТАН ЕҢБЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫН БАСҚАРУДЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУГЕ ШОЛУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2025-141-6-166-176
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі таңда қашықтықтан жұмыс тұрақты қалыпты жағдайға айналып, интеллектуалды мониторинг жүйелері оның ажырамас бөлігіне айналды. Олар кадрларды тиімді басқаруды қызметкерлердің жеке уақытына құрметпен үйлестіріп, сенімге, жауапкершілікке және цифрлық бейімделуге негізделген заманауи еңбек мәдениетін қалыптастырады. Осыған дейін еңбек қызметі жұмыс орнында физикалық қатысу ұғымымен тығыз байланысты болды, жұмыс уақыты қатаң кестелермен және жұмыс берушінің бақылауымен анықталды (clock time). Алайда цифрландыру дәуірінде уақыт пен жұмыс орны арасындағы шекара біртіндеп жойылып келеді. Қазіргі еңбекті ұйымдастыру жұмыс уақытын талдаудың жаңа құралдарын қажет етеді. Интеллектуалды бақылау жүйелері автоматтандыру мен этикалық басқаруды біріктіруге мүмкіндік береді, бұл қызметкерлердің автономиясын сақтай отырып тиімділікті қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан алғанда, қашықтан еңбекті ұйымдастыру классикалық еңбек моделінен цифрлық және орталықтандырылмаған жүйеге көшу үдерісін көрсетеді. Мақалада қашықтықтан жұмыс форматына көшу нәтижесінде еңбекті ұйымдастырудағы өзгерістерге шолу жүргізу қарастырылған.