ОРТА МЕКТЕПТЕ РОБОТОТЕХНИКАНЫ ОҚЫТУ ПЛАТФОРМАСЫНДАВИРТУАЛДЫ ШЫНАЙЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАНУ СҰРАҚТАРЫН ЗЕРТТЕУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2025.t80.n2.05
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада орта мектептерде робототехниканы оқыту платформаларында виртуалды шынайылық(VR) технологияларын қолданудың маңыздылығы мен болашағы жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында VR технологияларын білім беру үдерісіне енгізудің әлеуеті, олардың оқушылардың оқу жетістіктеріне ықтимал әсері және робототехниканы оқытудағы мүмкін артықшылықтары мен туындауы мүмкін қиындықтары теориялық тұрғыда талданды. Виртуалды шынайылық технологияларының оқыту процесіне ықпалы педагогикалық және психологиялық аспектілері тұрғысынан сипатталып, оқушылардың теориялық материалды терең меңгеруіне, шығармашылық және инженерлік дағдыларын дамытуға ықпал ете алатыны атап өтіледі. Сонымен қатар, мақаланың шолу сипатына сай, қазіргі таңда кеңінен қолданылып жүрген бағдарламалық құралдар(Unity, Blender, Arduino IDE) мен VR негізінде білім беру қосымшаларын құрастырудағы тәсілдерге талдау жасалды. Зерттеу нәтижесінде VR технологияларын оқу процесіне енгізу тек техникалық жаңашылдық өана емес, сонымен бірге дидактикалық тұрғыдан маңызды қадам екені көрсетілді. Қазақстандағы және шетелдік тәжірибелер салыстырылып, болашақта VR технологияларын білім беру жүйесіне кеңінен енгізудің бағыттары мен мүмкіндіктері ұсынылды. Жалпы, мақала VR технологияларының оқушылардың мотивациясын арттыру мен STEM пәндеріндегі үлгерімін жақсарту тұрғысынан үлкен әлеуетке ие екенін айқындайды.