АУТИСТІК СПЕКТРІ БҰЗЫЛҒАН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА НЕВЕРБАЛЬДІ НҰСҚАУЛАРДЫҢ РӨЛІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2960-1673.2025.83.4.009
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада аутизм спектрі бұзылған мектеп жасына дейінгі балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру үдерісіндегі невербальді нұсқаулардың рөлі қарастырылады.Зерттеу барысында аутизм спектрі бұзылған балалардың күнделікті тұрмыстық әрекеттерді орындауда жиі қиындықтарға тап болатыны анықталады. Соның ішінде моторлық координацияның бұзылыстары, сенсорлық ерекшеліктері және тілдік-коммуникативтік шектеулер негізгі кедергі болып табылады. Авторлар невербальді құралдардың (визуалды кестелер, пиктограммалар, жесттер, модельдеу) балалардың нұсқауларды қабылдау және орындау қабілеттерін арттырудағы тиімділігін негіздейді. Сонымен қатар, мақалада жеке бағдарланған педагогикалық қолдаудың маңыздылығы мен кезең-кезеңімен оқыту әдістері сипатталады. Зерттеу нәтижелері тәрбиешілерге, арнайы педагогтерге және ата-аналарға аутизм спектрі бұзылған балалардың дербестік дағдыларын дамытуда практикалық көмек бола алады. Мақала нәтижелері невербальді нұсқаулардың аутизм спектрі бұзылған балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын жетілдірудегі маңыздылығын және түзету педагогикасы тәжірибесінде кеңінен қолдану қажеттілігін дәлелдейді.