ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӘУЛИЕ ОБРАЗЫ: БАБА ТҮКТІ ШАШТЫ ӘЗІЗ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.63727/ris202584-11
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ халқының рухани-діни дүниетанымындағы «әулие» ұғымы және оның ислам діні аясында қалыптасуы қарастырылады. «Әулие» түсінігінің Құран Кәрім мен хадистердегі мәні, қазақ даласына ислам дінінің, соның ішінде сопылық ілімнің таралуымен байланысы талданады. Зерттеу барысында қазақ фольклоры, жыраулар поэзиясы, батырлар жыры мен тарихи деректер негізінде Баба Түкті Шашты Әзиз әулиенің тұлғасы жан-жақты сипатталады. Оның Алтын Орда дәуіріндегі исламдандыру үдерісіндегі орны, халық жадындағы қасиеті, пір, әрі желеп-жебеуші әулие ретіндегі бейнесі ашып көрсетіледі. Сонымен қатар әулиелерді пір тұту дәстүрінің қазақ мәдениетіндегі сабақтастығы мен тарихи-мифологиялық қырлары сараланады.