ТӘҢІР ІЛІМІ ТҮРКІЛІК НАНЫМ РЕТІНДЕ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.63727/ris202584-10
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Тәңір ілімінің түркі халықтарының рухани және мәдени тарихындағы орны жан-жақты талданады. Тарихи шолу жасай отырып, зерттеуде Тәңір ілімінің әртүрлі кезеңдегі дамуы, Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі көрінісі, зерттеушілердің тұжырымдары қамтылған. Мақалада Тәңір ілімінің табиғатпен тұтастыққа ұмтылу, ата-баба рухына тағзым ету және қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету сынды негізгі қағидалары айқындалады. Тәңір ілімінің негізгі ұғымдарына талдау жасалып, Тәңір, Ұмай, Йер-Суб секілді құдайлық күштердің қызметі, түркілердің табиғатқа, ата-баба культіне және әлемнің үш деңгейлі құрылымына көзқарасы және табиғатпен үйлесімділікке негізделген философиялық қырлары сипатталады. Тәңір ілімінің тек діни сенім ғана емес, сонымен қатар түркі халықтарының дүнитанымы мен тарихи болмысының ажырамас бөлігі екені көрсетіледі. Түркілер үшін Тәңір – ғарыштық тәртіптің негізі, билік заңдылығының кепілі ретінде көрініс тапты. Сонымен қатар Тәңір ілімінің әлеуметтік саяси жүйеге әсері, билеушілердің Тәңір құдіретімен билік жүргізуі туралы мәліметтер ұсынылған. Жалпы, мақалада Тәңір ілімі күрделі діни философиялық жүйе ретінде қарастырылып, оның түркілік мәдениет пен руханияттағы орнын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ зерттеушілердің пікірлері негізінде Тәңір ілімінің әлеуметтік, саяси және рухани аспектілері жан-жақты сараланады.