Орталық Азия аумағының тарихи карталарда көрсетілу ерекшеліктері және оларды оқытуда қолданылатын картографиялық тәсілдер мен мағыналық үлгілер

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2025-4-55-72
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты – IX–XIX ғасырлардағы тарихи карталар негізінде Орталық Азияның исламдық, қытайлық, еуропалық және ресейлік картографиялық дәстүрлерде бейнелену ерекшеліктерін талдау және кеңістікті аңғарудың мағыналық құрылымдарын анықтау. Контенттік және семиотикалық талдау арқылы 32 тарихи картадағы проекциялық жүйелер, визуалдық тәсілдер мен символдық кодтар қалпына келтірілді, нәтижесінде карта артефактісін үш деңгейлі модель (техника → мағына → аңғару) негізінде түсіндіру тәсілі жасалды. Нәтижелер ислам картографиясында өңірдің киелі орталық ретінде, қытай дәстүрінде әкімшілік шет аймақ ретінде, еуропалық дәстүрде өлшеу және жүйелеу объектісі ретінде, ал ресейлік картографияда ғылыми игеру мен империялық бақылау кеңістігі ретінде бейнеленетінін көрсетті. Зерттеу тарихи карталардың кеңістікті тек географиялық емес, мәдени-өркениеттік тұрғыдан да түсіндіретін күрделі интеллектуалды құрылым екенін дәлелдейді; бұл тұжырымдар картографиялық ойлауды, кеңістіктік бірегейлікті және тарихи-географиялық деректерді оқу тәжірибесінде қолдану әлеуетін арттырады.