БАКТЕРИЯЛЫҚ ЦЕЛЛЮЛОЗАНЫ АЛУ ЖӘНЕ ТАЗАРТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛАРЫ ТҰРҒЫСЫНАН САЛЫСТЫРМАЛЫ ШОЛУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/eje2025851
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бактериялық целлюлоза өсімдік текті целлюлозаға балама болып табылатын, жоғары тазалығы, кристалдылығы және биосәйкестілігімен ерекшеленетін микробтық биополимер. Бұл материалдың құрылымдық және функционалдық қасиеттері оны медицина, тағам қаптамасы, тоқыма және композиттік материалдар сияқты әртүрлі салаларда қолдануға мүмкіндік береді. Зерттеуде бактериялық целлюлоза өндіруде қолданылатын негізгі микробтық штаммдар мен қоректік орталар, сондай-ақ ауылшаруашылық және өнеркәсіптік қалдықтарды көміртек көзі ретінде пайдалану мүмкіндіктері сипатталады. Тазарту әдістері (сілтілік өңдеу, беттік-белсенді заттар, ферменттік және физикалық тәсілдер) тиімділік, экологиялық жүктеме және соңғы қолдану саласына сәйкестік тұрғысынан салыстырмалы түрде қарастырылады. Салыстырмалы талдау нәтижелері көміртек көзі мен штамм таңдау, сондай-ақ тазарту әдісін бейімдеу арқылы өндіріс өнімділігі мен тазалық деңгейін арттыруға болатынын көрсетеді. Биоыдырайтын реагенттер мен қалдықсыз технологияларды енгізу бактериялық целлюлоза өндірісінің тұрақтылығын арттыруда маңызды рөл атқарады. Шолу мақаласында өмірлік циклдік бағалау, экологиялық қауіпсіздік, өндіріс шығындары мен соңғы қолдану талаптарын ескере отырып, бактериялық целлюлозаны өнеркәсіптік деңгейде қолдану үшін қажетті технологиялық шешімдер мен болашақ бағыттар жүйелі түрде қарастырылады. Кілттік сөздер: бактериялық целлюлоза; тазарту әдістері; өндіріс тиімділігі; экологиялық тұрақтылық; қолдану салалары