ЖҮГЕРІ РИЗОБАКТЕРИЯЛАРЫ - ӨСІМДІКТЕРДІҢ ӨНІМДІЛІГІН ЖӘНЕ ҚОРҒАНЫСЫН АРТТЫРУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫ БИОИНОКУЛЯНТТАРЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/eje20258511
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында саласы топырақ деградациясы, қоректік элементтердің азаюы және фитопатогендердің таралуы сияқты экологиялық қиындықтар жиі туындайды. Осы мәселелерді шешудің баламалы тәсілдерінің бірі – өсімдіктердің өсуін ынталандыратын ризобактерияларды (PGPR) қолдану. Осы зерттеу жұмысы жергілікті экологиялық жағдайға бейімделген жүгері (Zea mays L., КазЗП 200) ризосферасынан бөлініп алынған автохтонды бактериялардың биологиялық белсенділігін жан-жақты бағалауға бағытталды. Алынған 25 бактериялық изоляттың ішінде 15 грамтеріс және 10 грамоң штамм анықталды. Алдын ала жүргізілген скрининг олардың өсімдікке пайдалы қасиеттерін салыстыруға мүмкіндік беріп, нәтижесінде ең тиімді деп танылған екі перспективалы штамм - BJ14 және BJ18 зерттеуге таңдалып алынды. Бұл штаммдардың функционалдық әлеуеті бірнеше биологиялық көрсеткіш бойынша бағаланды: индол-3-сірке қышқылының (ИСҚ) синтезі, ерімейтін фосфатты өсімдікке қолжетімді формаға айналдыру қабілеті, атмосфералық азотты фиксациялау және фитопатогендерге қарсы антагонистік әсер. BJ18 ең жоғары ИСҚ мөлшерін (61.4 мг/мл) өндіруі және фосфатты тиімді еріту қабілетін көрсетті. Ал BJ14 изоляты екі фитопатогенге қарсы да ең жоғары ингибициялық әсер көрсетіп, Pythium spp. өсуін 73%, ал Alternaria alternata дамуын 62–63% деңгейінде тежеп, тұрақты әрі айқын биобақылау белсенділігімен ерекшеленді. Зерттеу нәтижелері бұл ризобактериялардың өсімдіктердің қоректік элементтерді сіңіруін жақсартуда, олардың өсуін ынталандыруда және фитопатогендердің дамуын тежеуде жоғары тиімділікке ие екенін көрсетті. Мұндай көпфункционалды штаммдар ауыл шаруашылығында химиялық тыңайтқыштар мен фунгицидтерді алмастыра алатын экологиялық тұрғыдан қауіпсіз биоинкулянттарды әзірлеуге нақты мүмкіндік береді. Алынған деректер тұрақты ауыл шаруашылығы технологияларын қалыптастыруда жергілікті PGPR штаммдарының маңыздылығын айқындайды. Түйін сөздер: ризобактериялар, PGPR, индол-сірке ұышұылы, фосфат еріту, мырыш солюбилизациясы, антагонистік белсенділік