Археолог К.М. Байпақов биографиясы мен ғылыми мұрасы замандастарының еңбектерінде

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52967/akz2025.4.30.55.71
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада археолог Карл Молдахметұлы Байпақовтың (1940–2018) өмірбаяны мен ғылыми мұрасына арналған замандастарының еңбектері талданады. Бұл зерттеулер мазмұны ғалымды энциклопедиялық деңгейдегі тұлға ретінде сипаттауға және оны Қазақстан Ғылым академиясы мен жоғары білім беру жүйесінде қызмет еткен ірі ғылыми қауым өкілдерінің қатарына қоюға мүмкіндік береді. К.М. Байпақовтың ғылыми ізденістері Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық археологиясының ауқымды мәселелерін қамтыды; ғалымның көпжылдық кешенді зерттеулерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірлерінің қалалық мәдениетін зерделеуге ерекше назар аударылып, бұл бағыттағы еңбектердің тарихнамалық талдауын жүргізу қажеттілігі айқындалады. Ғылыми реконструкция әдісі негізінде мақалада К.М. Байпақовтың өмір жолы мен ғылыми қызметінің жекелеген кезеңдеріне арналған зерттеушілер еңбектеріне талдау жасалып, замандастарының деректері негізінде оның өмірбаяны жүйеленеді. Алғаш рет ғалымның кәсіби қызметіне қатысты архивтік материалдар дереккөз ретінде ғылыми айналымға енгізіледі. Зерттеудің деректік негізін археологтың ғылыми еңбектеріне жасалған сараптамалық шолулар, сондай-ақ әріптестері мен шәкірттерінің естеліктері құрайды. К.М. Байпақовтың Қазақстан археологиясы дамуына қосқан үлесінің ауқымы мен маңыздылығына қарамастан, оның ғылыми мұрасына арналған арнайы зерттеулер саны әлі де толыққанды жазыла қоймағандығы атап өтіледі. Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының материалдарына негізделген, Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық урбанизациясына арналған іргелі төрттомдық еңбегінің маңызы ерекше көрсетіледі, сондай-ақ ғалымның ортағасырлық урбанизация мәселелерін зерттеудегі рөлі айқындалады. Зерттеу нәтижесінде К.М. Байпақов Қазақстандағы археологиялық архитектураны зерттеушілердің алғашқыларының бірі, әрі археологиялық урбанистика бағытын қалаушы болғандығы жөнінде қорытынды жасалады.