Әбу Ханифаның саясат түсінігі

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577//ejrs20254444
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Исламның саяси дүниетанымы қазіргі саяси динамика мен мұсылман әлемінің мәдени ерекшеліктерін түсіну үшін маңызды болып табылатын бай мұраға ие. Бұл ғылыми мақалада Ханафи мәзһабының негізін қалаушы және ІХ ғасырдағы ең ықпалды ислам ғұламаларының бірі ретінде белгілі Әбу Ханифаның саясат концепциясы сарапталған. Бұл зерттеудің мақсаты – Әбу Ханифаның саяси ой-пікірлерінің негізгі бағыттары мен идеяларын терең талдау, сонымен қатар олардың қазіргі саяси тәжірибе мен ислам теологиясы контекстіндегі маңызына баға беру. Зерттеу процесінде Әбу Ханифаның өзі, оның шәкірттері мен ізбасарларының жазбалары сияқты дереккөздерді талдау мен түсіндіруді қамтитын кешенді тәсіл қолданылады. Әбу Ханифаның саяси философия мен құқық саласында әзірлеген негізгі қағидалары мен тұжырымдамаларына және олардың исламдық саяси теорияның қалыптасуындағы рөліне ерекше назар аударылады. Зерттеу нәтижелері исламның саяси ой-пікірін тереңірек түсінуге және оны заманауи сын-қатерлер мен үрдістер тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді. Әбу Ханифаның саяси көзқарастарын талдау арқылы біз мұсылман әлеміндегі заманауи саяси стратегиялар мен шешімдерді әзірлеу үшін маңызды болуы мүмкін әділеттілік, ынтымақтастық және басқару сияқты негізгі қағидаларды анықтаймыз. Нәтижесінде, бұл зерттеу ислам саяси философиясы туралы біліміміз бен түсінігімізді кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар мұсылман қоғамдарының дамуы мен модернизациясына мүдделі саясаткерлерге, қоғам жетекшілеріне және ғалымдарға практикалық ұсыныстар береді. Бұл зерттеу сонымен қатар исламдық саяси ойлар мен оның қазіргі әлемге ықпалы саласындағы одан әрі зерттеулерге негіз бола алады. Түйін сөздер: Әбу Ханифа, исламдық саяси дүниетаным, Ханафи заң мектебі, саяси философия, құқық