ҚАЗАҚСТАН СПОРТЫ: СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА (1941-1945)

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.87.4.006
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақ спортының Отан соғысы жылдарындағы күрделі де қатаң сынға толы даму үдерісі қарастырылды. Тақырыптың мазмұнын ашу барысында, біріншіден, физкультура және спорт саласындағы Кеңес елінің, соның ішінде Қазақстанның бетбұрыстық саясаты анықталды. Екіншіден, қайта құрулардың бірнеше бағыттары (жалпы қоғамдық-саяси және дене шынықтыру-қорғаныстық бұқаралық шараларды өткізу; жас жеткіншектермен, мектеп оқушыларымен жұмыс жасау; қорғаныстық, қоғамдық кадрлар мен ГТО белгілерін иеленушілерді дайындау, олардың қажырлы еңбектері; госпитальдардағы сан-салалы іс-әрекеттер және т.б.) ажыратылып көрсетілді. Үшіншіден, республикалық ерікті спорт ұйымдарының (негізінен «Спартак») отты жылдардағы белсенді іс-қызметтері сараланды. Төртіншіден, республиканың орта, орташа және жоғары мектептеріндегі бастапқы және әскерге дейінгі әскери-физикалық дайындық жұмыстарының нәтижелері пайымдалды. Бесіншіден, Қазақстанның соғыс жылдарындағы тау атқыштарын даярлау орталығы және альпинистердің ортаазиялық бапкерлер мектебі ретіндегі рөлі бағамдалды. Алтыншыдан, қазақстандық спортшылардың майдан далаларындағы жауынгерлік ерліктері жан-жақты қарастырылды. РКФСР-дың бас қалаларында (мысалы, Ленинградтағы дене тәрбиесі және спорт институты, 1918 жылы Мәскеуде ашылған Ленин орденді Мемлекеттік орталық дене шынықтыру институты және т.б.) соғысқа дейін-ақ спорттық жоғары мектептердің құрылуы, сондай-ақ әскери училищелер мен педагогикалық жоғары оқу орындарында дене тәрбиесі кафедраларының ашылуы бұл саланың толыққанды әрекет етуіне жол ашқаны белгілі. Жетіншіден, Қазақстандағы осы жүйенің материалдық базасының нашарлығы (спорттық объектілердің аздығы, олардың жабдықталуының төмендігі, маман кадрлардың жетіспеушілігі) соғыс жылдарында айтарлықтай қиындық туғызғаны атап өтілді. Сегізіншіден, республика спортшыларының соғыс жағдайындағы іс-қызметі негізінен екі бағытта — біріншіден, спортты әртүрлі қорғаныстық жұмыстармен ұштастыру, екіншіден, алғы шепте ұрыс даласында жауынгерлік қимылдарға қатысу арқылы — ұйымдастырылғандығы негізделді.