ҚАЗАҚ ФЭНТЕЗИІНІҢ ӘДЕБИ ПРОЦЕСТЕГІ ОРНЫ МЕН БОЛАШАҒЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5657.2025.94.4.008
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ әдебиетіндегі фэнтези жанрының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, оның қазіргі әдеби процестегі алатын орны және болашақ даму перспективалары жан-жақты қарастырылады. Мақалада фэнтези жанрының ерекшеліктері, ұлттық мифология мен тарихтың фэнтезилік шығармаларда көркемдік көрініс табу жолдары, жанрдың оқырмандар, әсіресе жастар арасындағы танымалдылығы және әлемдік әдебиеттегі орны терең талданады. Сонымен қатар, қазақ фэнтезиінің дамуына ықпал ететін негізгі факторлар, авторлардың шығармашылық ізденістері, оқырмандар сұранысының артуы, ұлттық идеялардың жаңаша интерпретациялануы мен басқа өнер салаларымен ықпалдасу мүмкіндіктері айқындалады. Бұған қоса, жанрдың даму жолындағы сын-қатерлер, атап айтқанда, сапалы аудармалардың жетіспеушілігі, баспалардың қолдауының шектеулігі, әдебисынның назарының төмендігі және авторлардың кәсіби біліктілігін арттыру қажеттілігі сияқты мәселелер де қарастырылады.