Аңдатпа
Мақалада белгіліжазушы және көрнекті қаламгерКемел Тоқаевтың «Арнаулы тапсырма» әңгімесініңтәрбиелік және адамгершілік мәнін зерттеу ұсынылған. Шығарманың басты кейіпкері –қазақ халқының біртуар азаматы, батыры, халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың бейнесі арқылы автор Ұлы Отан соғысы жылдарындағы партизандық жасақ құрамындағы атқарған ерліктерін паш ете отырып, оқырманның бойында ұлттық рух пен патриоттық сананы қалыптастырады. Зерттеу барысында шығармада қолданылған ой иірімдері сараланып, идеялық тұжырымдамалар талданды, оның құрылымы мен мазмұны қарастырылды, олардың семантикасы ашылды. Шығарманың мәтінінен авторлық нақыл сөздеріжүйеленіп, олардың сөз астары ашылды. Зерттеудің қайнар көзі жазушының замандастарының естеліктері, сондай-ақ оның шығармашылығына арналған кейінгі ұрпақ өкілдерініңматериалдары болды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы,тұтастай алғанда,ауызша өнердің тәрбиелік әлеуетін және КемелТоқаевтың шығармаларын, атап айтқанда, олардың ұлттық сипатын анықтауда және жаңа танымдық көзқарасты қалыптастыруда жатыр. Тәрбие үрдісіндекөркем сөздіңерекше орын алатыны белгілі. Зерттеу нәтижелері К.Тоқаевтың мұрасы өмірдің мәнін түсінуге, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеуге, сондай-ақ ерік, ар-намыс, парыз сезімі және жауапкершілік сияқты құндылықтарға негізделген ұлттық рухты оятуға бағытталғанын көрсетеді. Бұл тұжырымдар қазақ халқының рухани құндылықтарын тереңірек түсінуге ықпал етеді. Жұмыстың практикалық маңыздылығы–алынған нәтижелерді жазушының шығармаларын оқыту және зерттеу процесінде пайдалану мүмкіндігі.