Екі өлшемді Калоджеро-Богоявленский-Шифф теңдеуінің жүгірмелі толқындық шешімі

Recent Contributions to Physics, 2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/rcph2025951
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл жұмыста cызықты емес эволюциялық теңдеулердің бірі екі өлшемді кеңейтілген Калоджеро-Богоявленский-Шифф (КБШ) теңдеуінің жаңа қозғалмалы толқындық шешімдері зерттеледі. Сызықты емес физикалық құбылыстар ғылым мен оның түрлі қолдану салаларында -оптикалық талшықтарда, астрофизикада және дифференциалдық теңдеулер физикасы - аса маңызды рөл атқарып, оларды моделдеуге мүмкіндік береді. Калоджеро-Богоявленский-Шифф (КБШ) теңдеуі бастапқыда локальды емес түрде тұжырымдалғанымен, оны дифференциалдық теңдеулер жүйесі ретінде де зерттелуде. Мұндай теңдеулер плазма физикасы, сұйықтық динамикасы және кванттық өріс теориясы сияқты ғылымның түрлі салаларында қолданылады. Әсіресе сызықты емес әдістер стандартты симметрия әдістерімен алынбайтын шешімдерді анықтауда тиімді екенің көрсетті. Бұл мақалада алынған нәтижелер сызықты емес дисперсиялық толқындарды және күрделі динамикалық жүйелерді сипаттайтын физикалық процесстерді моделдеуде қолданылуы мүмкін сондай-ақ екіөлшемді теңдеулер теориясын тереңірек түсінуге үлес қосады. Мақалада екі өлшемді Калоджеро-Богоявленский-Шифф (КБШ) теңдеуінің толқындық шешімдері алынып, бағдарламалық жүйелерде графиктері тұрғызылады. Алынған нәтижелер бейсызық дисперсиялық толқындарды және күрделі динамикалық жүйелерді модельдеуде тиімді қолданыла алатыны cөзсіз. Бұл жұмыс екіөлшемді бейсызық жүйелердің динамикасын тереңірек түсінуге үлес қосады