ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДАМУЫ КОНТЕКСІНДЕГІ ҮШТІЛДІЛІК: ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5657.2025.94.4.006
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада үштілділік тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Қазіргі тіл саясаты контекстінде қазақ тілінің дамуы қарастырылады. Қазақтілінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін және сонымен бірге оның жүйесіндегі трансформациялық процестерді тудыратын социолингвистикалық құбылысретінде үштілділік құбылысы талданады. Тілдің лингвистикалық құрылымындағы өзгерістерге, терминологиялық базаны қалыптастыруға және жаңартуға, тілдік нормаларды тұрақтандыруға, сондай-ақ көптілді орта жағдайында жастардың тілдік санасының қалыптасуынаерекше назар аударылады. Мақалада жаһандану жағдайында қазақ тілінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретіндегі үштілділіктің рөлі ғылыми негізделеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жүргізіліп келе жатқан мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға, ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде орыс тілінің функцияларын сақтауға және халықаралық коммуникация тілі ретінде ағылшын тілін дамытуға бағытталған тіл саясаты Қазақстанның әлемдік білім беру және ғылыми кеңістікке интеграциялануына ықпал ететіні атап өтілді.