LITHIUM-ION BATTERY SEPARATORS: SCIENTIFIC REVIEW AND PROMISING AREAS OF DEVELOPMENT

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/knwc2804
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Литий ионды батареялардың негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын сепаратордың маңызды рөлі –батареялардың қауіпсіздігі мен электрохимиялық қасиеттерін қамтамасыз ету. Өйткені, сепаратор катод пен анод арасындағы қысқа тұйықталудың алдын алып, иондардың ағынын қамтамассыз ететін жұқа, кеуекті мамбрана. Батарея жұмысы кезінде электрохимиялық реакцияларға қатыспаса да батареялардың қауіпсіздігі мен электрохимиялық қасиеттеріне тікелей әсер етеді. Осы себепті сепараторға қойылатын талаптар өте жоғары және оны қанағаттандыру өзекті. Соңғы онжылдықта әлем ғалымдары сепараторды әзірлеу мәселесіне ерекше назар аударғанымен, оның даму тарихы 1970 жылдардан басталады. Бұл әдеби шолуда әлемдік ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, сепаратор дайындаудың ғылыми кезеңдері, оның даму тарихы, негізі талаптары мен көрсеткіштері және сепаратордың негізгі түрлері талданады. Осы шолу мақалада сондай-ақ нақты сандық талдаулар жүргізіліп, көпфункционалды сепараторлар әзірлеу үшін маңызды көрсеткіштер мен өлшемдер қарастырылады.