ENVIRONMENTALLY FRIENDLY EXPERIMENTAL TECHNOLOGY FOR ORGANIC WASTE PROCESSING

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/trbk7955
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл зерттеу жұмысында Түркістан облысында ірі қара малдың жаңа көңін химиялық өңдеу арқылы биогумус өндірісіне дайындау технологиясы зерттелді. Зерттеудің мақсаты –бастапқы шикізаттың санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, оның агрохимиялық және микробиологиялық сапасын арттыру. Бастапқы көңнің физика-химиялық (ылғалдылық –72,4%, рН –7,2, жалпы N –1,15%, P₂O₅ –0,72%, K₂O –0,95%, органикалық заттар –68,5%, C:N ≈ 25:1) және микробиологиялық құрамдары (Escherichia coli–2,1×10⁶ КТБ/г, Salmonella spp. оң, гельминт жұмыртқалары –15-20 дана/г) анықталды. Алдын ала өңдеу үшін 5% массалық үлеспен кальций гидроксидінің (Ca(OH)₂) 10% сулы суспензиясы қолданылды. Өңдеу барысында ортаның рН 11–12 деңгейіне көтеріліп, патогендер саны айтарлықтай төмендеді. Химиялық дезинфекциядан кейінгі компосттану кезеңінде микроб саны экспоненциалды түрде азайып, дайын биогумуста 1,0×10³ КТБ/г деңгейіне жетті, бұл санитарлық-гигиеналық нормативтерге сай келеді. Зерттеу нәтижелері көңді химиялық өңдеу биогумус алу мерзімін қысқартып, қоректік элементтер құрамын (N, P, K) 10–25%-ға арттыратынын көрсетті. Бұл технология ауыл шаруашылығында экологиялық қауіпсіз, минералдарға бай органикалық тыңайтқыш өндіруге мүмкіндік береді.