Аңдатпа
Бұл мақала Абай Құнанбайұлы мен Қожа Ахмет Йасауидің рухани мұраларындағы адамгершілік, әділеттілік және рухани жетілу идеяларын қазіргі қазақ қоғамының мәдени-әлеуметтік мәселелері контекстінде талдайды. Жұмыста олардың идеяларының жастар тәрбиесіндегі, ұлттық бірегейлікті сақтаудағы және жаһандану жағдайындағы рухани жаңғырудағы маңызы жан-жақты қарастырылған. Зерттеу барысында Абай мен Йасауидің еңбектеріндегі негізгі идеялар анықталып, оларды заманауи білім беру жүйесіне, әлеуметтік және мәдени өмірге интеграциялау жолдары ұсынылады. Сонымен қатар, зерттеу әдіснамасы ретінде диалектикалық, герменевтикалық, феноменологиялық және тарихи-салыстырмалы тәсілдер қолданылған.Бұл зерттеу Абай мен Йасауидің рухани сабақтастығын көрсетіп, олардың идеяларының ұлттық мәдениет пен руханиятты нығайтудағы рөлін анықтауға бағытталған.