ИНТЕРАКТИВТІ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ КИБЕРГИГИЕНАЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.88.4.035
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың кибергигиена және қауіпсіздікмәдениетін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері қарастырылады. Зерттеу мақсаты –интерактивті ойындар арқылы балалардың цифрлық ортадағы қауіпсіздік дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдістерін анықтау және олардың білім беру процесінеинтеграциялану мүмкіндігін негіздеу. Зерттеу өзектілігі –цифрлық технологиялардың күнделікті өмірге енуімен қатар балалардың киберқауіптерге тап болу мүмкіндігінің артуымен байланысты. Цифрлық ортада қауіпсіз әрекетету, дербес деректерді сақтау және зиянды контенттен қорғану баланың тұлғалық, әлеуметтік және зияткерлік дамуы үшін аса маңызды.Алматы қаласындағы No109 бөбекжай-балабақшасында 5 жастағы 51 балаға тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жүргізілді. Эксперименттік және бақылау топтарында балалардыңбастапқы және қорытынды деңгейлері М.А.Панфилованың «Цифрлық кактус» әдістемесі мен Т.Г.Храмцованың бейімделген ойындық тапсырмалары арқылы анықталды. Эксперименттік топпен жүргізілген арнайы интерактивті ойындар кешені –«Қауіпсіз бе, қауіпті ме?», «Меніңонлайн көмекшім», «Құпия сөз құрастыр» және «Цифрлық қауіпсіздік лабиринті» секілді мазмұндық блоктарды қамтып, балалардың танымдық, эмоционалдық және мінез-құлықтық құзыреттерін дамытуға бағытталды.Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, балалардың кибергигиеналық білім деңгейі мен қауіпсіздікке қатысты мінез-құлқы айтарлықтай жақсарды. Эксперименттік топта жоғары және орта деңгейдегі балалардың саны артты, ал төмен деңгейдегі көрсеткіш төмендеді. Балалар ғаламтордағы қауіп-қатерлерді тануға, құпия деректерді қорғайбілуге, киберқауіптен саналы түрде қорғануға бейімделе бастады.