REVIEW OF METHODS OF BIOHUMUS PRODUCTION BY PROCESSING VARIOUS ORGANIC WASTE

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/cuzu9931
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада органикалық қалдықтарды тиімді кәдеге жарату мәселесі және оларды қайта өңдеу негізінде алынатын биогумустың ауыл шаруашылығындағы маңызы жан-жақты қарастырылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда органикалық қалдықтардың (мал қиы, ас қалдықтары, өсімдік қалдықтары және т.б.) айтарлықтай көлемде жинақталып жатыржәне олардың көбінің қайта өңдеусіз тасталуы экологиялық қауіп тудырып отыр. Осы орайда, биогумус өндірісі –табиғи ресурстарды үнемдеуге, топырақ құнарлылығын қалпына келтіруге және ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруға бағытталған инновациялық әрі экологиялық жағынан қауіпсіз әдіс ретінде ұсынылады.Мақалада вермикомпосттау технологиясының кезеңдері, оны жүзеге асырудың биологиялық және техникалық талаптары сипатталады. Құрттар арқылы органикалық қалдықтарды өңдеудің тиімділігі, алынған биогумустың агрономиялық құндылығы және топыраққа тигізетін әсері ғылыми деректерге сүйене отырып сипатталады. Сондай-ақ, Қазақстан жағдайында биогумус өндірісін дамытудың әлеуеті мен негізгі проблемалары, нормативтік және инфрақұрылымдық шектеулер де талданған. Зерттеу әдеби шолу негізінде жүргізілген.