TORSION OF ANISOTROPIC AND NON-UNIFORM RODS

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/modf7974
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Анизотропты және біртекті емес сырықтардың бұралуы –материалдың механикалық қасиеттері кеңістіктегі бағытқа тәуелді болатын жағдайдағы күрделі серпімділік есебі. Бұл құбылыс сырыққа әсер ететін бұраушы моменттің әсерінен оның көлденең қималарының өз өсі бойымен бұралуымен сипатталады. Қазіргі заманғы құрылыс, авиация, машина жасау салаларында анизотропты және композиттік материалдар кеңінен қолданылады. Олардың беріктігін, сенімділігін және ұзақ жұмыс істеу қабілетін болжау үшін бұралу кезіндегі әрекет ету сипатын білу қажет. Сондықтан дәстүрлі изотропты материалдар үшін алынған классикалық формулаларды жалпылау қажеттілігі туындайды. Осыған байланысты анизотропты біртекті емес сырықтардың бұралуын зерттеу заманауи механика мен композиттік материалдар теориясында өзекті бағытқа айналды. Аналитикалықтұрғыдан анизотропты бұралу есебі өте күрделі. Сондықтан бұл тақырып жаңа аналитикалық теория мен сандық әдістердің дамуына серпін береді. Мақалада серпімді сырықтың бұралуынан пайда болатын кернеулік функциясы Пуассон теңдеуі арқылы өрнектелетіні көрсетілді. Жұмыста құрамында екінші ретті аралас дербес туындысы бар Пуассон теңдеуінің жалпы шешімін табу үшін жаңа жалпыланған комплекс сандар теориясы қолданылды.