DEVELOPMENT OF A DETOXIFYING POWDER BASED ON APPLE FIBER

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/gmbw3326
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Алма сығындысы негізінде детоксикациялық қасиеттері бар ұнтақты алу технологиясы әзірленді. Табиғи сорбенттерді қолданумен жүргізілген жұмсақ кептіру тағамдық талшықтар мен фенолдық қосылыстардың құрамын сақтап қана қоймай, олардың мөлшерін арттыруға мүмкіндік беретіні анықталды. Зерттеу нәтижесінде антиоксиданттық белсенділік34%-ға, ал Pb²⁺ және Cd²⁺ иондарын сіңіру қабілеті тиісінше 50% және 49%-ға артқаны анықталды. Өнімнің жарықтылығының жоғарылауы мен ащылықтың жойылуы секілді түс және органолептикалық сипаттамалар жақсарды. Ұсынылған технология өсімдік талшығын тұрақтандыру және функционалдандыру тұрғысынан тиімді екенін көрсетті. Алынған нәтижелер детоксикациялық талшықты функционалды тағам өнімдерінде пайдаланудың жоғары әлеуетін дәлелдейді.