TREATMENT OF WASTEWATER USING OZONE AND ATMOSPHERIC OXYGEN

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/fqkj4566
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Өндірістік ақаба сулардың, әсіресе мұнай өнімдерімен ластануының артуы жағдайында оларды тиімді тазарту әдістерін іздеу өзекті мәселе болып отыр. Ластанудың негізгі көзі –дәстүрлі әдістермен жоюы қиын көмірсутектер. Бұл зерттеуде озон мен атмосфералық оттегі қоспасын марганец диоксиді катализаторының әртүрлі концентрациясында пайдалану арқылыақаба суларды тотығу әдісі ұсынылды. Органикалық синтез зауытының нақты су үлгілерінде 500-ден астам тәжірибе жүргізілді. Салыстырмалы талдау озонның тазарту тиімділігі жоғары екенін көрсетті (53%-ға дейін), ал оттегімен өңдеу кезінде бұл көрсеткіш 41% болды. Сонымен қатар, озон жарық өткізгіштікті арттыруда да басымдық танытты. Озон үшін MnO₂ катализаторының оңтайлы концентрациясы 1-2 г/л екені анықталды. Ұсынылған әдіс экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді, катализаторды бірнеше рет қолдануға мүмкіндік береді және көмірсутектердің жоғары концентрациясы бар суларды тазартуда перспективалы болып табылады.