STUDY OF THE THE PHYSICAL AND MECHANICALPROPERTIES OF NONWOVEN MATERIALS FOR FOOTWEAR

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/bxkj1989
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргіуақытта аяқ киім өндірісінде аяқ киімнің бөлшектері үшін жүннен жасалған беймата материалын қолдану тиімдіәрі өзектіболып отыр. Өйткені жүннен жасалған киіз –табиғи материал, оның жылу сақтағыштық, оқшаулау, беріктік қасиеттері жоғары, сонымен қатар киіз өндіруде қолданылатын қой жүні арзан әрі қол жетімді болып табылады. Мақалада аяқ киім өндірісінде аяқ киім бөлшектеріне арналған жүннен жасалған беймата материалының физика-механикалық қасиеттік көрсеткіштерін анықтау бойынша зерттеу жұмысы жүргізілді. Жұмыста қазіргі таңдағы еліміздің отандық өндірістерінде шығарылған киіз материалдарының өлшемдік және құрылымдық сипаттамалары анықталды.Беймата материалдарының үштүрінен үлгілер дайындалды, әр үлгініңталшықты құрамыоптикалық микроскопта зерттелді, үлгілердің үзілу сипаттамалары анықталып, қалыңдық өлшемдері мен тығыздық параметрлері есептелді. Зерттеу нәтижелері бойынша басқа зерттелген үлгілермен салыстырғанда таза жүннен жасалған No1 үлгі үзілуберіктік көрсеткіші бойынша ең жоғары нәтижелер көрсетті.