КӨРКЕМӨНЕРДЕГІ АРХЕТИПТІ СЮЖЕТТЕРДІҢ ШЫҒУ ПРОБЛЕМАСЫ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ АРХЕТИПТІК КӨРІНІСТЕР

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59103/muzkz.2025.12.10
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Аңдатпа. Мақалада«архетип»терминініңшығу тегі жәнеоныңкөркемөнерменгенетикалықбайланысы егжей-тегжейліталданады.Өздігінен пайда болатын психикалықпроцестердентуындайтынК. Г. Юнгтіңбейсаналықбинарлыархетиптерібейсаналыққұрылымдарданкөркемобразғакөшудіңнегізіретінде жұмыс істейдіжәнеәлемдіккөркемөнердегібейнелеумотивтерініңәмбебаптандырылуынқамтамасыз етеді деген қорытындығакелді.Соныменқатар, әрэтностыңдүниетанымдықтәжірибесіменкөрнекіқабылдауыныңерекшелігіұлттықкөркемдікбейненің өзіне тәнерекшеліктерінқалыптастырады. Архетиптердің тұрақтылығы мен «мәңгілігі» мифтер, аңыздар және көркемдік тәжірибелер арқылы бейнелердің үздіксіз қайталануынан көрінеді. Сонымен қатар, мифтер мен архетиптік сюжеттердің пайда болуы тек ұжымдық бейсаналықтан ғана емес: әмбебап космологиялық және әлеуметтік құрылымдарға бағдарланғанына қарамастан, мәдени тұрғыдан анықталған әлеуметтік бейсаналық, «ғалам мен қоғам» жақындасатын және мифологиялық кейіпкерлердің жеке тұлғалары құрылатын кеңістікті қалыптастыратын маңызды рөл атқарады. Мақаланың мақсаты – көркемөнердегі архетипті сюжеттердің шығу проблемасы және бейнелеу өнеріндегі архетиптік көріністерді әлемдік көркем өнердің әмбебаптылығы мен қазақтың ұлттық өнеріндегі архетиптерді ғылыми тұрғыдан зерттеу. Әлемдік көркем өнер мен қазақ бейнелеу өнерінде өзіндік өзгергіштікке ие болатын тұрақты қайталанатын сюжеттік, фольклорлық, символдық және поэтикалық бейнелерді байқауға болады. Олардың интерпретациясы З. Фрейд пен К.Г. Юнг архетиптерінің психологиялық тұжырымдамаларына сүйенеді, бұл әр түрлі дәуірлердегі суретшілердің шығармашылығында өткеннен қазіргі заманға дейінгі осы образдардың тұрақты қайталану механизмдерін байқауға мүмкіндік береді.