RHEOLOGICAL MECHANICAL MODEL OF MINCED SAUSAGE

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/mbze5398
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада шұжық тартылған етінің реологиялық механикалық жетілдірілген моделі сипатталған. Көптеген тағамдық орталар дисперсті жүйелер, суспензиялар, коллоидты ерітінділер болып табылады. Машиналар мен аппараттарды жобалау кезінде тағамдық орталардың құрылымдық-механикалық қасиеттерін білу керек. Тағамдық ортаның құрылымдық-механикалық қасиеттері, шикізаттың физика-химиялық қасиеттері, өңдеу ұзақтығы мен түрі, жылдамдығы, қысымы және тағы басқа сол сияқты факторларға байланысты екендігі белгілі. Өз кезегінде, тағамдық шикізаттың қозғалысы оның құрылымдық-механикалық ерекшеліктеріне байланысты болады. Бингамның реологиялық теңдеуі шұжық тартылған ет қозғалысын сипаттай алатындығы дәлелденді. Бингам, Шведов, Шоффилд-Скотт-Блэрдің реологиялық модельдерін талдау және механикалық өңдеу кезінде шұжық тартылған етінің ағымын сипаттау оның реологиялық механикалық моделін жасауға мүмкіндік берді. Ол кесу кезінде тартылған еттің беріктігін сипаттайтын элементі бар Бингам моделінен тұрады. Тәжірибелер барысында шұжық тартылған етінің реологиялық моделінің теңдеуі ұсынылады. Шұжық тартылған етінің реологиялық механикалық моделі мен құрылымдық-механикалық сипаттамалары өнімнің консистенциясын объективті бағалау үшін ғана емес, сонымен қатар өнімді механикалық өңдеудің барлық кезеңдерінде оның ағымын зерттеу үшін қажет.