INTEGRATION OF SUN-PROTECTIVE TEXTILES INTO CIVIL AVIATION PILOTS’ UNIFORMS

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/hjry2433
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қолданыстағы нормативтік құжаттарда ұшқыштардың формалық киіміне күн сәулесінен қорғайтын қасиеттер бойынша тікелей талаптар қарастырылмаған, алайда ультракүлгін сәулеленудің (УФ) кәсіби әсері ғылыми түрде расталған. Жұмыстың мақсаты –өндіруші мәлімдеген ультракүлгіннен қорғаныс деңгейі (UPF) бар тоқыма материалдарын негізгі сыртқы қабат ретінде пилоттың формалық жейдесіне енгізудің орындылығын негіздеу және бағалау. Зерттеудекешенді (аралас)тәсілқолданылды: салалық әдебиет пен реттеуші-құқықтық актілерді талдау арқылы олқылықтарды айқындау; функционалдық материалдар саласындағы шешімдерді технологиялық трансферлеу және бейімдеу мақсатында outdoor сегментіндегі эталондық жейделерді салыстырмалы бағалау; UPF-тоқымалардың эксплуатациялық-гигиеналық негізгі көрсеткіштері (ауаөткізгіштік, мыжылуға төзімділік, түкшеленуге (пиллингке) төзімділік) бойынша зертханалық сынақтар жүргізу. Кешенді бағалау нәтижесінде күннен қорғайтын қасиеттері бар пилоттың формалық жейдесін жобалауға арналған прототип таңдалды. Ғылыми жаңалығы –кемелденген тұтыну секторынан авиациялық формаға технологиялық шешімдерді көшірудің (технологиялық трансфердің) қайталанатын алгоритмін ұсыну. Практикалық маңызы –ұшқыштардың фотобиологиялық жүктемесін төмендету және эксплуатациялық әсерін тексеруге арналған тәжірибелік партияны шығаруға даярлық.