ANALYSIS OF FACTORS INFLUENCING THE CHOICE OF SCHOOL UNIFORMS BY MIDDLE SCHOOL GIRLS AND EVALUATION OF MATERIAL SAMPLE PROPERTIES

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/cjix3259
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада орта мектеп жасындағы қыздарға арналған мектеп формасын жобалау кезінде бастапқы талаптарды әзірлеуге әсер ететін негізгі факторлар қарастырылады. Қазақстандағы кәсіпорындарда шығарылатын мектеп формасының сапасына қанағаттанбаудың басты себептері –оның гигиеналық және эргономикалық талаптарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ орта мектеп жасындағы қыздардың өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігінің болмауы және мектеп формасының жеке стилін қалыптастыруға қатысуы. Орта мектеп жасы –балалықтан жастыққа өтпелі кезең, ол организмнің терең қайта құрылуымен, жеке және әлеуметтік құндылықтардың өзгеруімен сипатталады, бұл қыздардың жеке имиджін жасауға деген ұмтылысында айқын көрінеді.Осыған байланысты зерттеу барысында жасөспірім қыздардың мектеп формасына қойылатын эстетикалық, функционалдық және имидждік талаптары онлайн сауалнама арқылы анықталды. Сауалнама нәтижелері негізінде мектеп формасының стилі, түстік шешімі және комплектациясы жүйеленді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының нарығында ұсынылған мектеп формасына арналған мата үлгілерінің органолептикалық, микроскопиялық және физика-механикалық қасиеттері зерттелді. Алынған нәтижелер мектеп формасын жобалау кезінде материалдар мен конструктивтік шешімдерді ғылыми негізде таңдауға мүмкіндік береді.