ON THE ISSUE OF ACCOUNTING FOR INELASTICDEFORMATIONS OF REINFORCED CONCRETE STRUCTURES

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/ldqa5409
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада темірбетон құрылымдарын жобалау кезінде иілмелі деформацияларды ескерудің өзекті мәселесі қарастырылады. Бұл фактор ғимараттар мен құрылыстардың сенімді пайдаланылуына тікелей әсер етеді. Қолданыстағы есептеу әдістеріне, призмалық үлгілер бойынша жүргізілген тәжірибелік сынақтардың нәтижелеріне және ANSYS бағдарламасындағы сандық модельдеуге (ҚР ЕЖ EN 1992-1-1:2004/2011, Eurocode 2 және Бажант-Бавейдің B3 моделі талаптарын ескере отырып) талдау жүргізілді.Зерттеу нәтижелері бойынша бетонның толық деформациясы серпімді, сырғу, шөгу және қалдық құрамдас бөліктерден қалыптасатыны анықталды. Тәжірибелік деректер алғашқы бес жыл ішінде бетондағы сырғу деформациясының шамасы шамамен 700 με, ал шөгу шамамен –300 με болатынын көрсетті. B3 моделі бойынша есептеулер тәжірибелік нәтижелерменең аз айырмашылық (<5%) көрсетсе, келтірілген модуль әдісі деформация шамасын 30-35%-ға төмен бағалайтыны анықталды.Зерттеу қорытындылары бойынша қазіргі заманғы есептеу модельдерін (Eurocode 2, B3 моделі) жобалау тәжірибесінде қолдану жөнінде ұсыныстар берілді. Бұл тәсіл деформациялар мен иілу қисықтығын анықтау дәлдігін арттырып, темірбетон құрылымдарының сенімділігі мен ұзақ мерзімді беріктігін қамтамасыз етеді.