ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЗАҢДЫ ҚҰЖАТЫ ЖОҚ ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6270.2025.92.4.007
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасында 2014 жылы визасыз режим қалыптасты. Қос мемлекеттің ынтымақтастығының берік ұстанымдары аясында жасалған келісім, ресми түрде екі тараптың мемлекет басшыларының ресми қатысуымен орын алды. Алайда, визасыз режимнің орнауы Кореядағы қазақстандық заңсыз еңбек мигранттарының күрт өсуіне алып келді. Бұл зерттеу жұмысында, Корея Республикасындағы қазақстандық заңсыз еңбек мигранттарының әлеуметтік мәселелерінен бөлек, олардың заңсыз еңбекке бару мотивтері мен себептері қарастырылады. Қазақстандық еңбек мигранттары арасында виза, медициналық сақтандыру, жалақы, адам құқықтары аясындағы түрлі мәселелер орын алады. Бүгінде Қиыр Шығыс еліндегі заңсыз еңбек етуші қазақстандықтардың жылдан жылға өсуі екі мемлекет үшін дер кезінде шешімін табу керек мәселеге айналды. Соңғы уақытта қос мемлекет арасында заңды еңбек етуге ресми келісімдердің орнауы жүзеге асуда. Зерттеу бұл келісімнің келешекте қаншалықты маңызды екендігіне баға береді. Сондай-ақ, ғылыми жұмыс қазақстандық заңсыз еңбек мигранттарының виза мәселесі, тұрақсыз жалақы мен медициналық сақтандыру сияқты мәселелердің себебін анықтайды. Зерттеу жұмысында әлеуметтік желі, БАҚ ақпарат көздері және мигранттардан алынған сұхбаттар, мемлекет басшыларымен жоғарылауазымды тұлғалардың шығарған үкімдері талдау жасалды. Мәселен, зерттеу аясында Корея Республикасындағы миграциялық орталықпен жауапты мамандардан сұхбат алынды. Кореяда еңбек ететін заңдық құжаты жоқ Орта Азиялық және Қазақстан еңбек мигранттарымен сұхбат мақсатында кездесулер болды. Оңтүстік Кореяның еңбек саясаты мен заңнамасы талдау жасалды.