ИТМҰРЫН ЖЕМІСТЕРІ СПИРТТІ СЫҒЫНДЫСЫНАН БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫ АНЫҚТАУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.54251/2616-6429.2025.01.10nu
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Итмұрын жемістері биологиялық белсенді заттарының көп болуымен ерекшеленеді. Құрамында флавоноидтар, С, В, В2, Р, РР, К дәрумендері, каротин, илік және пектинді заттар бар. Мақалада Түркістан облысында өсетін итмұрын жемістерінен алынған сулы, спиртті сығындылар құрамындағы биологиялық белсенді заттар мөлшерін анықтау туралы мәліметтер берілген. Экстрагент ретінде тазартылған су, 40% этил спирті, 70% этил спирті қолданылып, итмұрын жемістерінен сығындылар алынды. Алынған сығындылар құрамындағы флаваноидтарды анықтауда спектрофотометрия әдісі және аскорбин қышқылының мөлшерін анықтауда титриметрия әдісі қолданылды, нәтижелері салыстырмалы түрде көрсетілді. Флавоноидтардың биологиялық белсенділігінің кең спектрі, олардың химиялық құрылымының әртүрлілігімен байланысты. Флавоноидтар адам ағзасына антиоксиданттық, ангиопротекторлық, гепатопротекторлық, холеретикалық, диуретикалық, нейротропты және т.б. маңызды фармакологиялық әсер көрсетеді. Осындай фармакологиялық әсерлері дәрілік өсімдік шикізаттарынан жаңа дәрілік құралдарды жасау саласында қызығушылықты арттыруда.