Аңдатпа
Мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыра отырып, тригонометриялық теңдеулерді шешу әдістерін оқытуда триангуляция әдісін ұсыну өзекті мәселе. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - тригонометриялық теңдеулерді шешудің арнайы әдіс-тәсілдерін түйіндеу, тригонометриялық теңдеулердің қолжетімді түрлерін қамту сонымен қатар 10-сынып оқушыларының тригонометриялық теңдеулерді шешуге бағытталған есептер жиынтығын талқылау және тригонометриялық теңдеулерді шешуде оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру. Зерттеудің міндеті - 10-сынып оқушыларының тригонометриялық теңдеулерді шешу тақырыбына байланысты есептерді шешудің әдіс-тәсілдерін анықтай отырып, оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған зерттеудің нәтижелерді қарастыру. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде сауалнама, оқыту, сұхбат, тестілеу, өзін-өзі бағалау сондай-ақ белсенді оқыту әдістері қолданылды. Зерттеулер нәтижесінде тригонометриялық теңдеулерді шешуде қолданылатын әрбір әдістің өзіндік ерекшелігі бар екендігі айқындалды. Оқушылар теңдеудің бастапқы берілгеніне қарап, жылдам қажетті әдістерді анықтап, зерттеушілік дағдылары ұлғайтылды. Ғылыми зерттеулердің нәтижесі тригонометриялық теңдеулерді оқытудың тиімді әдістемелік нұсқаулығын жасауда, сондай-ақ ұлттық бірыңғай тестілеудің есептерін шешуде нәтижеге жылдам қол жеткізудің әдісі ретінде қолданылуы мүмкін.