Дискурсивті маркерлердің лингвопрагматикалық ерекшеліктері

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2025-153-4-62-74
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі қазақ тілді подкасттар негізіндегі дискурсивті маркерлердің лингвопрагматикалық ерекшеліктері кешенді түрде талданады. Зерттеу жұмысының өзектілігі қазақ тіліндегі подкасттардың жедел дамып, заманауи ауызекі сөйлеу мен коммуникациядағы жаңа үрдістерді анық көрсетуімен түсіндіріледі. Зерттеуде дискурсивті маркерлердің қызметтері, атап айтқанда сөйлеуді ұйымдастырудағы, сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы өзара әрекетті қалыптастырудағы, сондай-ақ айтылымның модальдылығы мен эмоционалды реңін жеткізудегі рөлінің маңыздылығы көрсетіледі. Зерттеу барысында контекстік және құрылымдық талдау, жаппай іріктеу мен бақылау әдістері қолданылған. Зерттеу материалының негізі ретінде транскрипцияланған қазақ тілді подкасттардың аудиожазбалары алынған. Дискурсивті маркерлердің регулятивті және ұйымдастырушы болып жіктелуі беріліп, олардың медиадискурстағы, әсіресе подкаст жанрындағы прагматикалық функциялары жан-жақты қарастырылды. Зерттеу нәтижелері дискурсивті маркерлердің мәтіннің байланыстылығын қамтамасыз етуде және ауызекі сөйлеуде тиімді коммуникация орнатуда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Жұмыстың практикалық маңыздылығы – алынған деректерді коммуникациялық дағдыларды дамытуға, лингвопрагматикалық құзыреттілікті жетілдіруге және медиа мәтіндерді талдауға қолдануға болатындығында. Бұл зерттеу қазақ тіліндегі дискурсивті маркерлердің қызметі мен жіктелу ерекшеліктерін ашып, болашақ қолданбалы және теориялық зерттеулерге негіз бола алады.