Қажығұмар Шабданұлының алты томдық «Қылмыс» романы тіліндегі көнерген сөздердің құрылымы мен жиілік ерекшеліктері

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2025-153-4-143-168
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қажығұмар Шабданұлының алты томдық «Қылмыс» романындағы ескі кітаби лексика мен көнерген сөздер құрылымдық және жиілік тұрғысынан кешенді түрде қарастырылды. Романда кездесетін лексикалық бірліктер талданып, олардың тарихи-семантикалық сипаты, тілдік табиғаты мен қолданыс аясы айқындалды. Ең алдымен, ескі кітаби лексика ұғымының теориялық негіздері сараланып, оның түркі жазба дәстүріндегі орны мен рөлі сипатталды. Осы негізде жазушы тіліндегі діни, этикалық, әкімшілік-басқару, тұрмыстық лексика қатары анықталып, құрылымдық топтарға бөлінді. Сонымен қатар, аталмыш лексикалық бірліктердің қазіргі қазақ әдеби тіліндегі баламалары көрсетіліп, араб-парсы негізді (діни) сөздердің қолданылу жиілігі, олардың мәтін мазмұнына әсері, мағыналық реңктері мен контекстуалдық қолданысы салыстырмалы-талдамалы әдіспен қарастырылды. Зерттеу барысында 8 кесте құрылып, әрбір лексикалық бірліктің жиілігі мен мағынасы анықталып, Қажығұмар Шабданұлының тілдік шеберлігі мен тарихи лексикалық қорды көркем мәтінде ұтымды пайдалануы нақты мысалдармен дәлелденді. Архаизмдердің морфологиялық және синтаксистік құрылымдары айқындалып, олардың сөйлемдегі қызметі мен мәтіндік рөлдері талданды. Сондай-ақ бұл лексикалық қабаттың автор тілінде қаншалықты жиі қолданылғаны зерттеу жұмысынан тыс қалмады. Зерттеу нәтижелері тарихи сөздік қордың мәтіндегі қолданысын, жиілік заңдылықтарын және көркем тілдегі қызметін тереңірек тануға негіз болады. Бұл тұжырымдар ескі кітаби сөздердің мазмұндық ауқымын, мағыналық реңктерін және қолданылу контексін нақтылап, тарихи сөздік қорды жүйелеу мен толықтыруға септігін тигізеді. Зерттеу нәтижелері жазушының тілдік таңдауындағы мотивтерді, тарихи лексемалардың коммуникативтік және эстетикалық қызметін ашуға жол ашады.