Көркем мәтін тіліндегі дейксистер мен шегендеуіштер функциялары

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2025-153-4-251-267
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада көркем мәтіндегі байласымдылықты қамтамасыз ететін прагматикалық құралдар – дейксистер мен шегендеуіштердің құрылымдық және семантикалық қызметтері қарастырылады. Көркем мәтіндегі дейксистік және шегендеуші құрылымдардың ерекшеліктері Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы негізінде талданып, зерттеу барысында лингвистикалық, прагматикалық, когнитивтік және стилистикалық тәсілдер арқылы дейксис элементтерінің мәтін ішіндегі референциялық байланыс орнатудағы рөлі, ал шегендеуіштердің логикалық және эмоциялық байланыс тудырудағы қызметі айқындалады. Өйткені эмоционалды дейксис мысалдары эмоциялық қатыстылық деңгейінің прагматикалық мәнін қалай өзгерте алатынын көрсетеді. Көркем мәтіндегі тұлғалық, уақыттық және кеңістік дейксистердің қолданысы оқырман мен мәтін арасындағы интеракция қалыптасады. Ал шегендеуіш құрылымдар болса, сөйлемдер арасында себеп-салдарлық, қарсылықты және эмоциялық байланыстар тудырады. Зерттеу нәтижелері қазақ мәтінтануындағы байласым мен прагматикалық әсердің көркемдік-поэтикалық құрылымын терең түсінуге мүмкіндік береді.