ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ АШЫҚ ҚАРА – ҚОҢЫР ТОПЫРАҒЫНДАҒЫ АУЫР МЕТАЛДАР (Fe, Мп, Cu, Zn, Co) ҚАЛДЫҒЫНЫҢ МӨЛШЕРІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/4-2025/20
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Соңғы бірнеше онжылдықта қарқынды индустрияландыру және қарқынды ауылшаруашылық қызметі қоршаған ортада әртүрлі ластаушы заттардың, әсіресе ауыр металдардың жиналуына әкелді. Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануының жағымсыз әсерлері биосфераға нақты қауіп төндіреді. Ауыр металдар жалпы ластаушы заттарға жатады, олардың құрамын бақылау топырақ пен қарашіріндіде міндетті болып табылады. Ауыр металдармен ластануы топырақтың деградациясының себептерінің бірі болып табылады. Жыл сайынғы сауалнамалар ластану туралы ақпараттың негізгі көзі болып табылады. Мақалада Алматы облысының ҚазЕжӨҒЗИ полигонының аумағында жиналған топырақ үлгілеріндегі ауыр металдардың (Fe, Pb, Cu, Zn, Co) қалдық мөлшерінің зерттеу нәтижелері келтірілген. Барлық зерттелетін пункттерде топырақ үлгілеріндегі ауыр металдардың қалдық мөлшері рұқсат етілген деңгейде болды. Алайда, аймақтың физикалық – географиялық ерекшеліктеріне, полигон учаскесінің автотрассаға жақын орналасуына және т.б. орай мырыш, қорғасын, кобальт сияқты металдар ШРК мәнінен 2,1-6,2 есе асып кеткендігі байқалды. Топырақтың ауыр металдармен ластануы өсімдіктерде металдардың жиналуын және өсімдіктер қауымдастығының деградациясын тудырады, бұл токсиканттардың азық-түлік тізбегі арқылы адамға өтуіне әкеледі. Осыған байланысты бұл жұмыстың мақсаты Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның ашық-қара қоңыр топырағындағы ауыр металдардың (Fe, Pb, Cu, Zn, Co) мөлшерін зерттеу тақырыбымыздың өзекті мәселесі болып табылады.