ІЛЕ-БАЛҚАШ БАССЕЙНІНІҢ ЖЕРГІЛІКТІ МАҢЫЗЫ БАР СУ АЙДЫНДАРЫНДА БАЛҚАШ АЛАБҰҒАСЫНЫҢ (PERCA SCHRENKI KESSLER, 1874) ТАРАЛУЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/4-2025/09
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада 2013-2023 жж. Іле-Балқаш бассейніне жататын 13 жергілікті маңызы бар су айдындарына жүргізілген зерттеу нәтижелері берілген. Зерттеу нысандары - Құркөл, Сарыкөл, Жидекөл, Құры-Сары, Дүпшінкөл, Құндызды, Деревянное, Қайнар, Октябрь, Жаңадәуір, Достық, Крестьянский, Ащыкөл көлдері. Сонымен бірге, алабұғалар отряды (Perciformes), алабұғалар тұқымдасына (Percidae) жататын балқаш алабұғасының (Perca schrenki Kessler, 1874) сипаттамасы, оның ішінде, балқаш алабұғасының бассейн бойынша таралуы, ертеректегі аулау көрсеткіші, қоректену ерекшеліктері, санының азаюы, оның себептері мен шектеуші факторлары, Халықаралық табиғат қорғау одағының (ХТҚО) Қызыл тізіміне және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енуі жөнінде де мағұлматтар берілген. Мақалада сонымен қатар, зерттеу кезінде қолданылған аулау құралдарының сипаты және пайдаланған әдістемелер, ауланған орындардың картасы, суайдындардың ихтиофаунасы, ауланған балқаш алабұғасының ұзындық-салмақтық көрсеткіштері, көлдер бойынша балықтардың қоңдылығы (Фультон коэффициенті бойынша), кездесу жиілігі (пайызбен) көрсетілген және көлдердің әкімшілік аудандар бойынша орналасу мәліметі келтірілген. Зерттеу нәтижелері бойынша басқа көлдерге қарағанда балқаш алабұғасының саны Ащыкөл және Дүпшінкөл көлдерінде жоғары екені анықталды, Фультон бойынша қоңдылығында барлық көлдерде алабұғаның қоңдылығының орташа көрсеткіштері төмен емес және көлдер арасында айырмашылық болмағанын көрсетеді.