ЕШКІ СҮТІН САЙДУЛДИН РЕАКЦИЯСЫНДА БРУЦЕЛЛЕЗГЕ БАЛАУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/4-2025/05
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеу нәтижесінде Сайдулдин реакциясындағы конглютиндеуші қан сарысуын ешкі сүтімен әрекеттестіру арқылы белсенділігін анықтап, бірыңғай бруцеллез антигенінің 1,2 АБ тең езінділерін пайдаланып, ешкі сүтін бруцеллезге балау жүргізілді. Сүтті тексеру нәтижесі бекітілген бруцеллезге қан сарысуын тексеру әдістерімен салыстырылды. РБС және КБР бойынша барлық ешкінің қан сарысуынан оң нәтиже берген сынамалардың саны 14, ал СР-да бұл нәтижелер расталып, қосымша 6 сынамадан оң нәтиже алынды. Сүтті СР-да тексергенде жалпы 12 сынама бруцеллезге оң нәтиже берді. Бұл нәтижелер қан сарысуын тексерген әдістерде расталды. Статистикалық өңдеу нәтижесінде КБР-ғы антидененің орташа титрі 1:16 (+15,7%; -13,5%), қан сарысуымен СР-да 1: 46 (+26,6%; -21,1%), ал сүтпен СР-да 1:16 (+15,7%; -13,5%) болды. КБР-ғы және сүтпен СР-ғы антидененің орташа титрлерінің айырмашылығы статистикалық дәлелсіз, қан сарысуымен СР-ғы антидененің орташа титрі жоғарыда айтылған екі тесттің көрсеткішінен үш еседей артық. Зерттеу барысында ұсынып отырған ешкі сүттін Сайдулдин реакциясында бруцеллезге балау әдісі, диагностикалық сезімталдығы жағынан қолданыстағы қан сарысуын тексеруге арналған РБС және КБР-мен бірдей, ал СР-дан төмен екендігі дәлелденді. Зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, ешкіден қан сарысуын алмай, тек сүтін Сайдулдин реакциясында бруцеллез антигенін және конглютиндеуші қан сарысуын қолданып, бруцеллезге телімді антиденені гемолизинмен сенсибилизацияланған қой эритроцитінің конглютинациялануына байланысты анықтауға болады.