ҚАПШАҒАЙ СУ ҚОЙМАСЫНДАҒЫ КАСПИЙ ҚАРАКӨЗІ RUTILUS CASPICUS (YAKOVLEV 1870) ПОПУЛЯЦИЯСЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІН ТАЛДАУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/4-2025/10
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Қапшағай су қоймасын мекендейтін қаракөз (Rutilus caspicus) балығының морфологиялық талдауы берілген. Талдауда жалпы саны 25 дана қаракөз өлшенген, оның ішінде, 16 меристикалық және 23 пластикалық белгілері алынған. Морфологиялық өлшемдері алынған балықтардың жастық құрамы 3-6 жас аралығындағы дарақтар болды. Олардың дене ұзындығы мен салмағы, жыныстық айырмашылықтары, сондай-ақ, бұрынғы ғалымдардың жүргізген зерттеулермен салыстырмалы сипаттамасы берілді. Алынған барлық морфометриялық көрсеткіштер статистикалық өңдеуден өткізілді. Нәтижесінде дарақтардың орташа мәндері, орташа сызықтық ауытқулары, орташа квадраттық ауытқулары, вариация коэффициенттері және қоңдылық коэффициенттері есептелді. Алынған деректер негізгі компоненттер анализі (PCA) арқылы талданды. Мақалада берілген зерттеу жұмыстары жалпыға ортақ ихтиологиялық әдістемелер негізінде жүргізілді және әдістемелерде аулауға қолданған құрма аулардың өлшемдері мен құрал-жабдықтардың сипаттамалары берілді. Жүргізілген талдау нәтижесінде Қапшағай су қоймасындағы қаракөздің денелерінің ұзындық-салмақтық көрсеткіштеріне қатысты пластикалық белгілерінде айтарлықтай айырмашылықтар анықталғанмаған. Ал меристикалық (сандық) сипаттамалар ішінде омыртқа саны мен желбезек тілшелерінің мөлшерінде шамалы өзгерістер байқалған. Зерттеу нәтижелері популяцияның морфологиялық тұрақтылығын дәлелдеп, Қапшағай су қоймасының қаракөз балығы үшін қолайлы орта екенін көрсетті.