Ғылымдағы интеграциялық процестер: экспрессивті сөздердің пайда болуындағы синергетика теориясының рөлі

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2025-153-4-104-116
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада тіл білімінің өзекті мәселелерін шешудің теориялық негізі ретінде қарастырылатын ғылымдағы интеграция құбылысына шолу жасалды. Осы күнге дейінгі жарық көрген ғалымдардың еңбектеріне сілтеме жасай отырып, авторлар интеграция ұғымы дегеніміз не, оның эмоционалды-экспрессивті лексиканы қалыптастырудағы рөлі қандай, синергетика теориясының нәтижесінде эмоционалды-экспрессивті мағына тудыратын қандай модельдер пайда болды деген сұрақтарға жауап іздеуге тырысады. Авторлар эмоционалды-экспрессивті сөздердің жасалуын бірнеше ғылымдардың, атап айтқанда, фонетика мен семантиканың, морфология мен эмоцияның, образдылық пен бағаның интеграциялануы нәтижесінде пайда болатындығын дәлелдеуге тырысады. Сонымен бірге синергетика ұғымдарына (бифуркация, флуктуация, аттрактор, хаос) анықтама бере отырып, хаосты экспрессивті мағыналар мен экспрессивті құрылымдар жасайтын, өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе ретінде қарастыруды ұсынады. Қазіргі қазақ тіліндегі эмоционалды-экспрессивті бірліктер бір кездері хаос болғандығын, уақыт өте келе хаостан аттракторға айналғандығын, нәтижесінде тілімізде эмоционалды-экспрессивті модельдер қалыптасқандығын қазақ тілінен нақты мысалдар келтіре отырып дәлелдеуге тырысады. Мақала лингвистика, әдебиет, психология, философия, когнитология және т.б. ғылым салаларына қызығушылық танытып жүрген магистрант, докторанттарға, сондай-ақ, осы ғылым салаларында зерттеу жүргізіп жүрген ғалымдарға арналады.