Bulletin WKU

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37238/2960-1371.2960-138x.2025.100(4).198
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ГИДРОХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР БОЙЫНША ЖЕР ҮСТІ СУЛАРЫНЫҢ САПАСЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ БОЛЖАУ Аңдатпа.Мақалада Түркістан облысының жер үсті суларының гидрохимиялық көрсеткіштері негізінде олардың экологиялық жағдайына жүргізілген мониторинг пен су сапасын болжау нәтижелері баяндалған.Зерттеу 2023-2024 жылдар аралығындағы бақылау деректеріне сүйеніп, аймақтың негізгі су нысандарын -Сырдария, Келес, Арыс, Бадам, Ақсу, Бөген өзендері мен Шардара су қоймасын қамтыған.Талдау нәтижелері өзен суларының гидрохимиялық құрамының кеңістіктік және уақыттық тұрғыда айтарлықтай өзгеретінін көрсетті.Көптеген су нысандарында аммоний иондары, сульфаттар, магний, қалқыма заттар және жалпы фосфор концентрацияларының рұқсат етілген нормативтерден тұрақты түрде асып кететіні анықталды.Ең жоғары экологиялық тәуекелдер Келес пен Арыс өзендеріне тән, ал Сырдария, Бөген және Шардара су қоймасы соңғы кезеңде су сапасының жақсарғанын байқатты.Ақсу өзені зерттеу кезеңі бойы жоғары сапалы сулар санатына (I класс) жатқызылды.Алынған нәтижелер антропогендік жүктемені азайту, ағынды суларды тазарту жүйелерін жетілдіру және бақылау желісін кеңейту бойынша кешенді шаралардың қажеттілігін көрсетеді.Жер үсті сулары сапасының болжамы қосымша табиғатты қорғау іс-шаралары болмаған кезде проблемалы учаскелерде тұрақсыздықтың сақталуын көрсетеді.Кілт сөздер: жерүсті сулары, гидрохимиялық талдау, экологиялық мониторинг, су сапасы, экологиялық болжау. КіріспеЖер үсті суларының сапасы табиғи ортаның жай-күйі мен биосфералық үдерістердің даму деңгейін сипаттайтын негізгі экологиялық көрсеткіштердің бірі болып саналады.Ол аймақтың табиғи гидрохимиялық ерекшеліктерін ғана емес, сонымен қатар адамның шаруашылық және өндірістік әрекеттерінен туындайтын