Шетелдік тіл үйренушілерге арналған «Қазақ тілі» оқу құралының ерекшеліктері туралы

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/lpjn3990
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада шетелдік тіл үйренушілерге арналған «Қазақ тілі» оқу құралының ерекшеліктері туралы жазылған. Қазіргі кезде шетелдік студенттердің саны көбейіп жатыр. Осыған орай қазақ тілінен оқу құралын ағылшын тілінің пайдалануымен құрастыру өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Автор тапсырмалардың атауларын қазақ және ағылшын тілдерінде жазған. Лексикалық тапсырмалар мен грамматикалық жаттығулар белгілі бір тақырыптың сөздігін қамтыған. Сабақтың құрылымына мәтін, сөздік, лексикалық тапсырмалар, грамматика, грамматикалық жаттығулар мен тест сұрақтары кіреді. Оқу құралы он бес сабақтан, әдебиеттер тізімінен тұрады. Сабақтардың лексикалық тапсырмалары мен грамматикалық жаттығулары мазмұны жағынан негізгі тақырыппен байланысты. Оқу құралының әр сабағында топтық жұмысқа арналған шығармашылық тапсырмалар бар. Аталмыш тапсырмалар диалог құруға бағытталған. Шығармашылық тапсырмалардың түрлері апробациядан өткен. Аталмыш лексикалық тапсырмалар білім алушыларға белгілі бір тақырыптың сөздігін игеруге мүмкіндік береді. Мақалада ұсынылған тапсырмалар мен жаттығулар білім алушылардың сыни ойлау мен талдау жасай білу қабілеттерін дамытуға, сөйлеу әрекетін меңгеруге, берілген лексикалық мәтіннің мағынасын түсінуге, талдауға бағытталған әдістер қарастырылған. Шетелдік тіл үйренушілерге арналған оқу құралы шетелдік студенттерге қазақ тілін үйренуге мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: лексикалық тапсырмалар, грамматикалық жаттығулар, тест, грамматика, шетелдік әдістер, шетелдік студенттер, диалог.