КӨРКЕМ ФАНТАСТИКА МӘТІНДЕРІНІҢ ВЕРБАЛДЫ ҚАБАТЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2025/iss4pp223-235
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Көркем мәтін тілі – күрделі, қыры мен сыры мол құбылыс. Оның өзіне тән болмысы зерттеліп жатса да, бүгінгі күн талабынан зерттеуді қажет етіп жатқан тұстары әлі де баршылық. Солардың бірі – қазақ көркем фантастика мәтіндерінің тілдік-стильдік ерекшеліктері мәселелерін тілдік ғылыми тұрғыда зерделеу. Мақалада қазақ фантаст-жазушысы Абдул-Хамид Ф. Мархабаевтың шығармаларындағы тілдік-стильдік ерекшеліктерінің көрінісі және қазақ көркем фантастикасы мәтіндерінің вербалды қабатындағы лексиканың, атап айтқанда, диалект сөздер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер мен этнолексиканың қолданылу мақсаты және автордың концептуалды ойын жеткізуге қажетті реалиялары сипатталып, тілдік тұлғалардың автор қолданысындағы мағынасына назар аударылды. Қиялгер-жазушының шығармасында кездесетін осындай мәтінтүзім бірліктерді не мақсатта қолданатынын нақты дәйектермен түсіндірілді. Авторлар тілдік құралдардың көркемдік-стилистикалық қызметін саралау негізінде қаламгерлердің стильдік қолтаңбасын анықтауға авторлық-индивидуалды сөзқолданыстар ықпал ететінін айқындап, мысалдармен талдау жасады. Аталған мәселелер қазақ көркем фантастика мәтіні теориясының толыға түсуіне үлес қосады.