ХІХ Ғ. 2-ЖАРТЫСЫ ЖӘНЕ ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ТҮРЛI КӘСIПШIЛIКТЕРДIҢ ДAМУЫ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2025.t82.n4.28
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала ХІХ ғасырдың 2-ші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық даму тарихына арналған. Авторлар мәселе төңірегінде жарық көрген отандық және шетелдік еңбектерге тарихнамалық шолу жасайды. Өлкедегі капиталисттік қатынастардың таралуы, сауда-саттықтың дамуы, мол табиғи ресурстар мен жеткілікті мал өнімдерінің болуы және Ресейдің отаршыл саясатының қазақ жеріндегі өндіруші өнеркәсіптің құрылуына түрткі болған басты фактор ретінде талданады. Экономикалық өңірдің басты салалары ретінде Қазақстанның түрлі аймақтарындағы былғары өңдеу, май шайқау мен әзірлеу, сабын қайнату, ұн тарту, темекі, шарап дайындау және былғары өңдеу, май қорыту мен шайқау, сабын қайнату, ұн тарту, темекі, шарап дайындау жәнe тау-кен ici, мұнай өңдеу, тұз өндіру кәсіпшіліктердің құрылуы және қызметі сипатталады. Деректік статистикалық талдаулар арқылы өнеркәсіп орындарында өндірілген өнімдердің сандық, пайыздық көрсеткіштері беріледі. Ресей империясының қазақтарға қатысты экономикалық саясаты және шетелдік және ресейлік компаниялар иелерінің кәсіпорындарындағы жергілікті қазақтарды қанауы, отаршылдық сипаты талданады. Сонымен қатар, авторлар XIX ғасырдың 2- ші жартысы мен XX ғасырдың басы аралығынадағы қазақ даласындағы түрлі кәсіпшіліктердің өндірістік қызметін және даму тенденциясын көрсететін сандық көрсеткіштер мен статистикалық есептік деректер негізінде салыстырмалы талдау жасайды.