ТҮРІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ МАҒЫНАЛАРЫ ОРТАҚ ЖӘНЕ ҰҚСАС ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2025/iss4pp51-64
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақаламызда түрік және қазақ тілдеріндегі ортақ тұрақты сөз тіркестері анықталып, түрік және қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестерінің суретте ортақ сөздігі жасалды. Зерттеудің мақсаты – түрік және қазақ тілдеріндегі ортақ фразеологиялық бірліктерді анықтау, олардың салыстырмалы сөздік тізімін жасау. Зерттеу барысында 300-ден астам тұрақты сөз тіркесі анықталып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарына қарай үш топқа жіктелді. Деректерді визуализациялау және түсінікті ету үшін DALL·E 3 жасанды интеллект құралын қолданып, иллюстрациялар жасалды. Нәтижеде, түрік және қазақ тілдеріндегі ортақ фразеологизмдер екі тілдің тілдік, мәдени сабақтастығын көрсететіні дәлелденді. Негіз сөздері ұқсас болғанымен, мағыналық тұрғыдан ерекшеленетін тіркестер мәдени ерекшеліктерді айқындайды. Әртүрлі негіз сөздермен жасалған, бірақ мағыналары ұқсас фразеологизмдер екі халықтың ортақ дүниетанымын бейнелейді. Қорытындылай келе, зерттеу нәтижелері түрік және қазақ тілдеріндегі ортақ тұрақты сөз тіркестерінің тарихи, мәдени және тілдік сабақтастықты көрсететінін дәлелдеді. Сонымен қатар, фразеологизмдерді көрнекі құралдар арқылы оқыту тіл үйренушілер үшін тиімді әдіс ретінде ұсынылды. Бұл зерттеу тіл үйрету, аударма және мәдениетаралық коммуникация салалары үшін құнды дереккөз бола алады. Зерттеу шектеулері мен ұсыныстар ретінде, түрік және қазақ тілдеріндегі мағыналық жақтан ортақ фразеологизмдер ғана анықталып, тізімі жасалды, басқа түркі тілдерімен салыстыру және ортақ фразеологизмдердің жасалу жолдарын зерттеуде қарастырылмады. Келешекте зерттеуді кеңейтіп, пәнаралық тәсілдерді қолдану арқылы фразеологизмдердің жасалу жолдары және тарихи аспектілерін тереңірек зерттеу ұсынылады.