Болашақ педагогтердің жасанды интеллектіні этикалық қолдану деңгейін бағалау және жетілдіру

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jes2025851
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада болашақ педагогтердің жасанды интеллектіні этикалық тұрғыдан қолдану деңгейін бағалау және оқыту арқылы жетілдіру жолдары қарастырылады. Зерттеудің мақсаты болашақ педагогтердің жасанды интеллектіні этикалық және қауіпсіз қолдану деңгейін анықтап, арнайы оқыту модульдерін енгізу арқылы оны жетілдіру жолдарын ұсыну. Зерттеу жұмысы үш кезеңде жүргізіліп, бірінші кезеңде болашақ педагогтердің жасанды интеллектіні қолданудың этикасын сақтау деңгейін бағалаудың әдістемелері мен құралдары негізделді. Екінші кезеңде жасанды интеллектіні қолдану барысында болашақ педагогтердің этикалық талаптарды ұстану деңгейлері анықталды. Үшінші кезеңде экспериментке қатысушылардың жасанды интеллектіні қолданудағы этикалық талаптарды сақтауын үйретуге арналған оқытудың мазмұны мен әдістері жасалды. ЮНЕСКО ұсынған ЖИ құзыреттілік шеңберіндегі түсіну, қолдану, жасау деңгейлері бойынша деңгейін бағалау өлшемдері зерттеу әдістемесінің негізіне бейімделіп алынды. Зерттеудің негізгі әдістері ретінде сауалнама, өзін-өзі бағалау шкаласы және тәжірибелік оқыту қолданылды, сауалнамаға қатысушылардың жауабы Лайкерт шкаласы бойынша анықталып, олардың мәнін есептеу үшін П.В.Сысоев жүргізген статитикалық өңдеу әдісі қолданылды. Зерттеудің практикалық бөліміне Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің педагогикалық мамандықтарының 32 студенті қатысты. Зерттеу нәтижесінде қатысушылардың жасанды интеллект құралдарын белсенді пайдаланғанымен, этикалық нормалар туралы түсінігінің жеткіліксіз екені анықталып, этикалық жауапкершілікті, адалдықты, әділдікті қамтамасыз етуге арналған FATE қағидаттары негізінде болашақ педагогтерді оқыту мазмұны ұсынылды. Түйін сөздер: жасанды интеллект, генеративті жасанды интеллект, этикалық және қауіпсіз қолдану, болашақ педагог, этиканы сақтау деңгейін бағалау, түсіну, қолдану.