ДЖОН ДОС ПАССОСТЫҢ «МАНХЭТТЕН ӨТКЕЛІ» РОМАНЫНЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ПРОЗАСЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2025/iss4pp208-223
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақаланың мақсаты – америкалық модернист Джон Дос Пассостың «Манхэттен өткелі» романын эксперименталды жазу ерекшеліктерінің бар-жоғын анықтау тұрғысынан талдау. «Манхэттен» (1925) – АҚШ әдебиетіндегі алғашқы модернистік романдардың бірі, ол оқырмандар мен сыншылар арасында пікірталас тудырып, түрліше бағаланды. Дәл осы ерекшелік романға деген ерекше қызығушылықтың әлі күнге дейін сақталуына негіз болды. Әдеби шолудың қысқаша нәтижелері қазіргі ағылшынтілді әдебиеттануда Дж. Дос Пассос жаңашылдығының зерттелу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мақала авторлары Дж. Дос Пассос шығармашылық эксперимент жасап, оның романның барлық деңгейіне – композициясына, құрылымына, бейнелер жүйесіне, ритмикасына және поэтикасына әсер еткені туралы гипотезаны ұсынады және талдайды. Зерттеудің негізгі назарында полифонизм, кинематографиялық тәсіл, монтаж әдісі, түстер гаммасының символизмі, мәтіннің фрагментарлығы сияқты көркем бейнелеу жаңашылдықтары тұр. Мақалада Дж. Дос Пассос қолданған жаңа баяндау техникасының белгілі бір әлеуметтік-тарихи контекспен заңдылық түрде байланыстылығы дәлелденеді. Жүргізілген талдау Дж. Дос Пассос жаңашылдығының ерекшелігін айқындауға мүмкіндік береді, бұл жазушының модерн дәуірінің бейнесін, сипатын және мәнін дәл жеткізе алатын жаңа баяндау тілін іздеумен айналысқан кезеңімен тығыз байланысты. Мақаланың мазмұны модернистік мәтін поэтикасының ерекшеліктерін проблематизациялауға және авторлық жазудың өзектілігін арттыруға ықпал етеді. Мақалада жүргізілген талдау өз дәуірінің ұлы жазушыларының қатарында тұрған, көбінесе жеткілікті бағаланбаған Дж. Дос Пассосты модернистік әдебиет жаңашылы ретінде танып, оның орнын анықтауға мүмкіндік береді.