СЕЙСМОЛОГИЯЛЫҚ ДАТЧИКТЕР АРҚЫЛЫ ЖЕР СІЛКІНІСІНІҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ЖАНУАРЛАРДЫҢ ЖӘЙ -КҮЙІН БАҚЫЛАУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2025-140-5-188-198
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жер сілкінісін алдын ала болжау – сейсмологиядағы ең күрделі мәселелердің бірі.Сейсмикалық датчиктер жер асты дүмпулерін нақты тіркей алғанымен, олар жер сілкінісін алдын ала болжауда шектеулі мүмкіндіктерге ие. Сондықтан ғалымдар жануарлардың ерекше сезімталдығын зерттеп, оларды сейсмикалық бақылау жүйесіне қосу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл мақалада жануарлардың табиғи инстинкттері мен жәй-күйіндегі өзгерістер арқылы жер сілкінісін алдын ала болжаудың тиімділігі зерттеледі. Әлемдегі түрлі зерттеулер кейбір жануарлардың – иттердің, мысықтардың, құстардың, балықтардың және басқа да тіршілік иелерінің – сейсмикалық белсенділікке дейін ерекше реакция танытатынын көрсетеді. Олардың қозғалыс белсенділігі, дауыстап белгі беруі, көші-қон бағытын өзгертуі және басқа да мінез-құлық ерекшеліктері сейсмикалық процестердің ерте белгілері ретінде қарастырылады.Сонымен қатар, осындай аралас әдістің болашақта сейсмикалық қауіптің алдын алудағы әлеуеті және оны дамыту жолдары талқыланады. Осы зерттеудің нәтижесінде жануарлар жәй-күйін сейсмикалық мониторинг жүйелерімен үйлестіре отырып, табиғи апаттардың зардабын азайтуға көмектесуі мүмкін деген болжам бар.