КҮРДЕЛІ ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ЖАҒДАЙДАҒЫ РАДИОБАҚЫЛАУ ҮШІН СПЕКТРАЛДЫ-КОРРЕЛЯЦИЯЛЫҚ АЛГОРИТМДІ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ МОДЕЛЬДЕУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2025-140-5-178-187
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада күрделі электромагниттік орта жағдайында радиопеленгация (радиобақылау) міндеттерін шешуге арналған спектралды-корреляциялық алгоритмді зерттеу және модельдеу нәтижелері ұсынылады. Электромагниттік кедергілердің, көпжолақты таралудың және бөгде сигналдардың радиотехникалық жүйелер жұмысына тигізетін әсері ескеріліп, осындай жағдайларда пеленгация дәлдігін арттыру мәселесі өзекті болып отыр. Зерттеу барысында сигналдарды спектралды өңдеу мен уақыттық-корреляциялық талдау әдістерін біріктіретін алгоритмнің құрылымы сипатталып, оның жұмыс істеу қағидалары нақтыланды. Алгоритмнің тиімділігі әртүрлі электромагниттік жағдайлар үлгіленген сандық модельдер арқылы бағаланды. Модельдеу нәтижелері ұсынылған әдістің жоғары шу қарсылығына және пеленгация дәлдігінің артуына қол жеткізуге мүмкіндік беретінін көрсетті. Сонымен қатар, спектралды-корреляциялық әдістің дәстүрлі пеленгация әдістерімен салыстырғандағы артықшылықтары мен шектеулері талқыланды. Алынған нәтижелер радиотехникалық барлау, қауіпсіздік жүйелері мен байланыс құралдары үшін қолданылатын радиобақылау технологияларын жетілдіруге негіз бола алады.