Cинергетикалық метатіл vs. синергетикалық үдерістер

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph202520041
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі тіл білімінде тілдік құбылыстарды тек құрылымдық немесе функционалдық қырынан ғана емес, оларды күрделі, ашық әрі үздіксіз өзгерісте болатын жүйе ретінде түсіндіруге бағытталған теориялық ізденістердің қатары артып келеді. Осындай ғылыми контексте синергетиканың пәнаралық әдіснамалық мүмкіндіктерін лингвистикалық зерттеулерге енгізу өзекті мәселе ретінде алға шықты. Алайда синергетиканың жаратылыстану ғылымдарында қалыптасқан метатілі тілдік үдерістерді сипаттауда бірқатар теориялық және терминологиялық қиындықтарды туындатады. Ұсынылып отырған мақалада осы мәселеге назар аударылып, синергетикалық метатіл мен тілдегі динамикалық үдерістердің әдіснамалық арақатынасы талданады. Зерттеу синергетиканың ұғымдық-категориялық аппаратын тіл білімінде қолданудың мүмкіндіктерін дәйектеуге бағытталған. Синергетиканың негізгі категорияларын тіл жүйесінің ішкі қозғалысын, тұрақсыздық пен өзгеріс тетіктерін түсіндіретін эвристикалық құрал ретінде қарастыру маңызды. Мақалада тіл табиғи, ашық және бейсызықтық жүйе ретінде интерпретацияланып, тілдік эволюцияны сипаттауда шоғырлану, бифуркация, флуктуация, хаос және аттрактор ұғымдарының түсіндіру әлеуеті айқындалады. Сонымен қатар «самоорганизация» терминінің қазақ тіліндегі «шоғырлану» баламасы ұлттық ғылыми таным мен терминжасам қағидалары тұрғысынан негізделеді. Мақала қазақ тіл біліміндегі лингвосинергетиканың теориялық базасын жүйелеуге, тілдік өзгерістерді динамикалық модельдер арқылы талдауға және пәнаралық әдіснаманың ғылыми айналымда орнығуына елеулі үлес қосады. Түйін сөздер: синергетика, тіл синергетикасы, метатіл, динамикалық жүйе, шоғырлану, тілдік эволюция.